Бас прокуратураның нормативтік құқықтық актілері

31 қаңтар 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2020 жылғы 31 қантарда нормативтік құқықтық актілердің ашық деректерінің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=3022306 «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы  26 желтоқсандағы № 156 «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры бұйрығының жобасы (бұдан әрі – бұйрықтын жоба) жарияланды.

Бұйрықтың жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 292-VІ ҚР Заңымен сәйкестендіру  мақсатында әзірленген.

         Бұйрықтын жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

 

 

Кадрларды дамыту департаменті