

2018 жылдың 11 айында Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарында 220 029 жеке және заңды тұлғадан өтініш келіп түсті.
Келіп түскен өтініштердің жалпы санының 183 408-зі немесе 83% қаралды, оның ішінде 99 599-зі шешімін тапты немесе қаралған өтініштердің жалпы санының 54%-ын құрады.
Шешімін тапқан өтініштердің жалпы санының – 20 946-сі немесе 21% қанағаттандырылды, 17 682 өтініш немесе 18% қанағаттандырусыз қалдырылды, 60 971 өтінішке немесе 61%-ы бойынша заң түсіндірмелері берілді.
Прокуратура органдары өтініштерді қарау нәтижелері бойынша 306 прокурорлық қадағалау актісін енгізді, тәртіптік жауаптылыққа – 160, әкімшілік жауаптылыққа –10 лауазымды тұлға тартылды.
Прокуратура органдарының қызметкерлері жеке қабылдауға 68749, олардың ішінде тікелей басшылар 31 506 азамат пен заңды тұлға өкілін қабылдады.
Бас прокуратураның Call-орталығына тегін 115 нөмірі бойынша жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардың өкілдерінен 106 мыңнан астам қоңырау келіп түсті.
Саll-орталықтың құзырына кіретін мәселелер бойынша 162 өтініш тіркелді.
Өткен жылы Call-орталығына келіп түскен өтініштер бойынша прокурорлар қабылдаған шаралар, сондай-ақ, жалақы және басқа да төлемдер бойынша 73 млн. теңгеден астам сомадағы берешектер өтелді.
2018 жылдың 11 айында прокуратура органдарына «Электронды үкімет» порталы арқылы 33 278 электронды өтініш келіп түсті.