

2018 жылдың 9 айында Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарында 178 688 жеке және заңды тұлғадан өтініш келіп түсті.
Келіп түскен өтініштердің жалпы санының 148 539 немесе 83% қаралды, оның ішінде 80 801 шешімін тапты немесе қаралған өтініштердің жалпы санының 54% құрады.
Шешімін тапқан өтініштердің жалпы санының – 16 764 немесе 21% қанағаттандырылды, 14 553 өтініш немесе 18% қанағаттандырусыз қалдырылды, 49 484 өтінішке немесе 61% бойынша заң түсіндірмелері берілді.
Прокуратура органдары өтініштерді қарау нәтижелері бойынша 282 прокурорлық қадағалау актісін енгізді, тәртіптік жауаптылыққа – 149, әкімшілік жауаптылыққа – 9 лауазымды тұлға тартылды.
Прокуратура органдарының қызметкерлері жеке қабылдауға 57 641, олардың ішінде тікелей басшылар 25 913 азамат пен заңды тұлға өкілін қабылдады.
Бас прокуратураның Call-орталығына тегін 115 нөмірі бойынша жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардың өкілдерінен 82 мыңнан астам қоңырау келіп түсті.
Саll-орталықтың құзырына кіретін мәселелер бойынша 133 өтініш тіркелді.
Өткен жылы Call-орталығына келіп түскен өтініштер бойынша прокурорлар қабылдаған шаралар, сондай-ақ, жалақы және басқа да төлемдер бойынша 73 млн. теңгеден астам сомадағы берешектер өтелді.
2018 жылдың 9 айында прокуратура органдарына «Электронды үкімет» порталы арқылы 8 212 электронды өтініш келіп түсті.