Басшылық
Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы – Шалабаев Серік Рысқалиұлы.
1965 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген.
1992 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ).
Еңбек жолын 1992 жылы Ақтау қаласының прокуратурасында тергеуші болып бастаған.
Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 25 жылдан астам.
Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.
Қылмыстық қуғындау қызметі бастығының орынбасары – КӘРІПБЕКОВ Серик Акмырзинович
1973 жылғы 20 желтоқсанда Павлодар облысында туды.
Түркия Республикасында Стамбул университетін бітірді.
Прокуратура органдарында 18 жылдан артық.
Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.
Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары – Саттар Абу-Али Анарбайұлы
1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген
1997 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 20 жылдан астам.
Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.
Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары – Баймағанбетов Берік Болатұлы
1981 жылы Қостанай облысында туған.
2002 жылы «Әділет» Жоғары құқық мектебі – Құқықтану академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы Алматы гарнизоны әскери прокурорының көмекшісінен бастаған.
Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 15 жылдан астам.
Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.