Автор Жазбалары

Құрметті блог оқырмандары!

Менің жеке парақшама қош келдіңіздер!

Мемлекет басшысы прокуратура органдары алдында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау және  мемлекет мүддесін қорғауды қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар қойды.

Сондықтан, мен үшін әрқайсысыларыңызбен диалог құру маңызды.

Прокуратура органдарының қызметіне қатысты сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.

Сындарлы ұсыныстарыңыз бен бастамаларыңызға сенім білдіремін.

 

Құрметпен,
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Ғ.Д. Нұрдәулетов

Құрметті блог оқырмандары!

Сіздерді Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Біз биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойын атап өтеміз!

Ұлы Отан соғысын есте сақтау - қасиетті парыз. Қанша жыл өтсе де, жеңіске жеткендердің ерлігі халқымыздың рухы, батырлығы және отансүйгіштігінің үлгісі болып келеді.

Біз ұрыс алаңында жаумен ерлікпен шайқасқан және тылда аянбай еңбек еткен ардагерлерді құрметтейміз.

Фашизмді талқандап, біздің аталарымыз бен әкелеріміз болашақ ұрпаққа бейбітшілік сыйлады.